Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 364 тұрғын үй салынуда. Бүгін бұл туралы селекторлық мәсіжілісте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы негізгі 5 бағытта жүзеге асырылып жатыр. Оның алғашқысы – ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру жобасымен 96 тұрғын үйдің құрылыс басталған. Ал жеке құрылыс салушылар есебінен 107 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы 73 кередиттік тұрғын үй салынуда. Бұдан бөлек, жалға берілетін тұрғын үй қоры құрылып, 88 жеке тұрғын үйдің құрылысы қолға алынатын болады. Осының нәтижесінде өңірде сатылатын пәтерлер саны көбейіп, ипотекалық кредит алушылар саны арта түспек. «2017 жылы облыста 16 жеке салушылар есебінен 107 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы 11 үйдің құрылысын аяқтап пайдалануға тапсыру жоспарланса, 96 үйдің құрылысы 2018 жылға өтпелі. Жеке құрылыс салушыларды ынталандыру мақсатында жалпы құны 17,5 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыру үшін құжаттар әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда», — дейді Құттыбек Жамашеев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО журналистері Түркияда тәжірбие алмасып жүр
Оңтүстіктің бір топ журналистері Түркия елінде іс-сапарда жүр. Ондағы мақсат — бауырлас мемлекеттің БАҚ құралдарының тыныс-тіршілігімен танысып, тәжірибе алмасу.Делегаттарды алдымен Қазақстан Республикасының Түркиядағы бас консулы Еркебұлан Сәпиев қабылдап, журналистер сапарына сәттілік тіледі. Бүгінгі елшілерге тапсырылған […]
ОҚО-да ет пен сүт өндіруде өсім бар
Оңтүстік Қазақстан облысыда 500-ге жуық ауылшаруашылығы кооперативтері құрылып отыр. Кооперативтердің мақсаттарына сәйкес ірі шаруашылық құрылымдары ретінде бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, қайта өңдеу кәсіпорындарына шикізат көзін дайындау бағыттарында жұмыс жасайды. Биыл өңірде осы жұмыстардың есебінен ет […]
ОҚО-да Нәзір Төреқұловтың 125 жылдық мерейтойына орай «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» жиыны өтті
Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің ұйымдастыруымен облыстық әзіл-сықақ және сатира театрында мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат Нәзір Төреқұловтың 125 жылдық мерейтойына орай «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты іс-шара өтті. Жиын барысында […]
Пікір қалдыру