Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаиловтың, аудан прокуроры Нұрғали Асқанбековтың және аудандық ішкі істер басқармасының бастығы С.Шалқаровтың бірлесе бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, оқудан тыс бос уақыттарын тиімді пайдалануды насиxаттау мақсатында Атакент кентіндегі «Алпамыс батыр» стадионында спорттың кіші футбол, волейбол және үстел теннисі түрлері бойынша студенттік және мектеп лигаларының ашылу салтанаты өтті.Сонымен қатар, іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы мен аудандық прокуратураның аға прокуроры Дәурен Шырынбекұлы қатысып, жас спортшыларымызға сәттілік тіледі.Айта кету керек, жоғарыда аталған спорттық лигалар аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, аудандық Дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық Білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен оқу жылының соңына дейін жалғасып, лигаға 2400-ге жуық мектеп оқушылары мен 200-ге тарта студент жастар қатысатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарының халқы Өгем өзенінен су ішетін болады
Бүгінгі таңда елімізде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 2017 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету саласында 26 нысанның құрылысына 3,1 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға, негізінен, су құбыры мүлдем жоқ 10 елді мекенге […]
МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ САЙЛАНДЫ
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы тиіс. Осы мақсаттарды бағындыру үшін мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде елімізде мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес жаңа институт […]
Мақтааралда асфальт-бетон зауыты салынбақ
Мақтаарал ауданында екі күн электр стансасы мен асфальт-бетон зауытын салуды қолға алып жатқанын айтқан шетелдік кәсіпкерлер жергілікті билік тиісті құжаттарды рәсімдеуде қолайлы жағдай жасағанын жеткізді. Салынатын күн электр стансасы жобасына германиялық NwComp Solar GmbH компаниясы 7 […]
Пікір қалдыру