Арыстың бас ұстазы 60 жаста

Білімнің күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Білім мен ғылым арқылы өркениет дамып, мәдениет гүлденеді. Ұстаз — келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Осы орайда қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында қаламыздың «БАС ҰСТАЗЫ» Мұсаев Әбдіхан Ділішұлын мерейлі 60 жасқа толыумен бірқатар әріптестері құттықтап, қала әкімінің орынбасары Е.Ақтаев шаһар басшысы Мұрат Болатұлының құттықтау хатын табыстап, иығына шапан жапты. Мұсаев Әбдіхан Ділішұлы еңбек жолын 1981 жылы мамандығы бойынша ұстаздық қызметінде болып, қаладағы бірнеше білім беру мекемелерінде тәрбие ісі жөніндегі, бөлім меңгерушісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, №17 колледждің директоры қызметтерін аброймен атқарып, қазіргі таңда қалалық білім бөліміне басшылық жасауда.
Қадірменді, Әбдіхан Ділішұлы, Сізді алдағы кезде де азаматқа тән қасиетпен еңбек етіп, Отанымыздың игілігіне өлшеусіз үлес қоса беруіңізге тілектеспіз. Сізге осындай мерейлі күні зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Қашан да мерейіңіз биік, мәртебеңіз үстем болсын!

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*