Түркістан қаласында өтетін «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушы Түркі елінің делегаттары тарихи орындарды аралады. Осы орайда, Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесіне барып, баба рухына құран бағыштаған делегаттар Түркі жұртының мəңгілік тарихы саналатын кесене жəне құнды деректермен танысты.Күні ертең бауырлас елдер басын қосатын конференцияға Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы және отандық ғалымдар мен музей ісінің мамандары қатысады. Конференцияның мақсаты-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жəне «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында киелі жерлерді таныту, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, насихаттау арқылы келешек ұрпақ кәдесіне жарату, түркі халықтарының рухани пірі Қожа Ахмет Ясауи мұраларының түркі халықтары тарихындағы орны мен рөлі және отандық музей саласындағы актуалды проблемаларды сараптау, талдауға арналған.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЖЫЛЫЖАЙ САЛАДЫ
Жуырда Түркия елінің астанасы Анкарада өткен бизнес форумда Түркияның компаниялары мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалған болатын. Осы келісімге сәйкес, еліміздің рухани астанасына баланатын Түркістан қаласына Түркияның атақты «Dal Holding Investment CO» […]
Халықаралық «Алтын сақа»анимациялық фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды
«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды.Түркі әлемінің «Алтын сақа» анимациялық фильмдер […]
«Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады
Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін әзірленген «Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады. Көне шаһардың 99,6 гектар жер аумағын қамтитын концепцияның басты бағыттарының бірі – туристік индустрияны дамыту болып белгіленіп […]
Пікір қалдыру