Оңтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі халықаралық мамандандырылған AgriTek Shymkent’2017 ауыл шашуашылығы көрмесі өз жұмысын бастады.Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында үш күн бойына өтетін алтыншы халықаралық мамандандырылған көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласында экономиканың жаңа драйверіне айналып келетінін жеткізді.«Бұл мемлекеттің қолдауы мен шаруалардың тынымсыз еңбегінің жемісі. Облыстың егін шаруашылығында заманауи технологияларды қолдану жұмысы қарқынды түрде дамып келеді. Мысалы, бүгінгі таңға облысымызды 2,8 мың га қарқынды бау бар, олардың өнімділігі 29,0 мың га басқа бауға қарағанда 1,5-2 есеге артық. Сонымен қатар, облыста 5 мың шаруашылыққа тиесілі 1,3 мың гектардан астам жылыжайлар бар, оның ішінде 17 бірлік автоматтандырылған өндірістік жылыжайлар. Сонымен қатар сүт бағытында жаңа технологияларды қолдану белсенді түрде жүргізілуде. Заманауи қондырғылардың арқасында сиырдың әрбір басынан жылына 7 мың литрге дейін сүт алынады. Ал цифрлық технологияны қолданудың нәтижесінде құс етін өндіру 5 есеге дейін артады»,-деді аймақ басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Қазығұртта Нұқ пайғамбардың кемесі іспеттес ғимарат салынады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай, өңірдегі тарихи орындарды дамыту жоспарымен таныстырды. Облыстағы туристерге қызықты тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі ол Қазығұрт тауы болмақ. «Қазығұрттағы төбенің басына Нұқ пайғамбардың кемесі […]
ОҚО әкімі ҰОС ардагерінің отбасына арнайы барып құттықтады
9 мамыр — Жеңіс күні мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласында тұратын ҰОС ардагеріЖұмашев Пернебектің шаңырағына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың жолдаған құттықтау хатын […]
Сарыағаштағы сүт фермасы жылына 720 тонна сүт өнімдерін шығарады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Фирма Сакен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт фермасына барып жұмысымен танысты. Айта кетейік, серіктестік басшысы Байгазиева Шаркул. Сүт өндірумен айналысатын серіктестіктің 2000 жылы негізі қаланған. Қазіргі […]
Пікір қалдыру