Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы ЮНФПА қорының Қазақстандағы өкілі Джулия Валлеземен кездесті. Кездесу барысында тараптар ана мен бала өлімін азайту, гендерлік теңдікді сақтау, тұрмыс жағдайындағы зорлық-зомбылықты болдырмау жөнінде өзара пікір алмасты. Сондай-ақ тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысынан аталған қордың өкілдігін ашу мәселелерін талқылады. Өз кезегінде сөз алған өңір басшысы Джулия Валлезені жаңа қызметімен құттықтап, алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі.«Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстандағы демографиялық ахуалы өте жоғары өңір саналады. Бізде жылына 80 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Қазақ халқының негізгі шоғыры да бізде орналасқан. 3 миллионға жуық халқы бар өңірде аналардың үлес салмағы 50 пайызды құрайды. Сондықтан облысымызда ана мен бала өлімін азайту мәселесіне ерекше мән беріліп келеді. Осы ретте сіз басқарып отырған қордың Оңтүстік Қазақстан облысында өңірлік өкілдігін ашуды ұсынған болар едім», — деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан қаласында фронт-офис ашылды
Түркістан қаласында экономикалық соттың жанынан фронт-офис ашылды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған бастаманың мақсаты — халыққа сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету. Жаңадан жұмысын бастаған нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының […]
ОҚО әкімі: өңірдегі әрбір ауданда лагерь болуы қажет
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен жиын өтті. Мәжіліске облыс әкімінің барлық орынбасарлары мен аудан, қала әкімдері және облыс әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Отырыс барысында өңір басшысы ең алдымен өңірде жазғы сауықтыру […]
ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҚАЛА КҮНІН АТАП ӨТТІ
Түркістанда «Қала күні» мерекесі аталып өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы қаланың облыс орталығы мәртебесін алуымен, тарихи шаһар жаңа сипатта дами түскенін айрықша атап […]
Пікір қалдыру