ОҚО әкімі БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қорының өкілі Джулия Валлеземен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы ЮНФПА қорының Қазақстандағы өкілі  Джулия Валлеземен кездесті. Кездесу барысында тараптар ана мен бала өлімін азайту, гендерлік теңдікді сақтау, тұрмыс жағдайындағы зорлық-зомбылықты болдырмау жөнінде өзара пікір алмасты. Сондай-ақ тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысынан аталған қордың өкілдігін ашу мәселелерін талқылады. Өз кезегінде сөз алған өңір басшысы   Джулия Валлезені жаңа қызметімен құттықтап, алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі.«Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстандағы  демографиялық ахуалы өте жоғары өңір саналады. Бізде жылына 80 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Қазақ халқының негізгі шоғыры да бізде орналасқан. 3 миллионға жуық халқы бар өңірде аналардың үлес салмағы 50 пайызды құрайды. Сондықтан облысымызда ана мен бала өлімін азайту мәселесіне ерекше мән беріліп келеді. Осы ретте сіз басқарып отырған қордың Оңтүстік Қазақстан облысында өңірлік өкілдігін ашуды ұсынған болар едім», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*