Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 59 гектар жаңғақ пен 7 гектар бадамша егілді. Сондай-ақ, тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға жетіп отыр. Бұдан бөлек, жылыжайлар көлемі 1294 гектарға артып, республикадағы үлесі 80 пайызды құрады. Бүгін бұл туралы «AGRITek Shymkent-2017» халықаралық көрмесі аясында өткен семинар-кеңесте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.«Ауыл шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізбей жетістікке жету өте қиын. Осы орайда мемлекет тарапынан жаңадан алынатын ауыл шаруашылығы техиникалары мен жабдықтарға 25 пайыздан 50 пайызға дейін инвестициялық субсидялар беріле бастады. Бұдан бөлек, өнімді жоғарлатуға мүмкіндік беретін жағары сұрыпты тұқым мен тыңайтқыштарға арнайы субсидиялар қаралып отыр. Оған қоса, көктемгі дала жұмыстарына 2 пайыз, ал өзге бағыттарға 6-8 пайыз жеңілдетілген несиелер берілуде. Бұл ауылшаруашылығы саласының өнімділігін арттыруына, яғни шаруаның мол және сапалы өнім алуына бағытталған мемлекеттік қолдау болып табылады», -деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да көктемгі су тасқыны қаупі жоқ
Оңтүстік өңірінде су тасқыны болады деп алаңдауға негіз жоқ. Дегенмен, «Сақтансаң, сақтаймын» дегені бар емес пе? Нақ осы сөздің үдесінен шыққан өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішін әуден бақылап, Сырдария, […]
ОҚО дәрігерлері: Оңтүстік Кореяда азаматтар сақтандыру қорына табысының 20 пайызын құяды
Оңтүстікқазақстандық 20 дәрігер Кенгидо провинциясының вице-мері мен денсаулық сақтау министрінің қабылдауында болды. Онда қос тарап провинция медицина саласының жетістіктері мен медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы жайлы сөз қозғағанын айта кеткен жөн.Сонымен қатар, баспасөз конференциясында сөз алған […]
ОҚО 2020 жылға қарай электр қуатына тәуелділіктен толықтай арылатын болады
2020 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы электр жарығына тәуелділіктен толықтай арылатын болады. Іс-шара жоспарына сай биылдың өзінде 87 елді мекен тұрғындары сапалы электр энергиясымен қамтылмақ. Бұл мақсатқа биылдың өзінде облыстық және республикалық бюджет есебінен 11,3 млрд […]
Пікір қалдыру