Шымкент қаласында Орта Азиядағы алғашқы қуаты 0,5 мегаватты құрайтын «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды. Қазақстандағы бірегей жоба Елбасымыздың жарлығымен қабылданған «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын» орындау мақсатында іске асырылып отыр. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл жоба ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысынан ұсынылып көрсетілгенін атап өтті.«Қондырғылар кешенінде халықаралық көрмесінде ұсынылған Чехиялық «HEDVIGA GROUP» компаниясының жаңа технологиялары қолданылды. Технологияның ерекшелігі қаланың сарқынды суларды тазалау имаратынан шыққан шөгінділерді өңдеп, одан биогаз алып қолдану арқылы, жылу және электр энергияларын өндіру болып табылады. Нәтижесінде бұл технология сыртқы ортаның ластануын едәуір төмендетіп экологияны жақсартуға үлкен үлес қосады. Жалпы облыста жаңғырмалы энергия көздері саласын дамыту басты назарға алынған. Мысалы, облыста жалпы қуаты 183,9 мегаватт болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде оның 4 жобасы жүзеге асырылды»,-деді облыс әкімі.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Жасыл ел» бағдарламасына жалпы 15 мыңға жуық жас атсалысқан
Оңтүстік Қазақстан облысында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1000-нан аса жас жазғы еңбек лагерлеріне тартылса, жалпы 13 жыл ішінде 15 мыңға жуық жас атсалысқан. 2017 жылы республикалық бюджеттен «Жасыл ел» бағдарламасына 63,1 млн. теңге […]
ОҚО-да Ассамблея Кеңесінің отырысы өтті
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен жиынға облысымыздағы бірқатар басқармалардың өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен діни конфессиялардың жетекшілері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты. Кеңес отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің саяси, экономикалық және рухани […]
ОҚО Мақтаарал ауданында орнатылған камералар заңбұзушылықтарды азайтып отыр
Мақтаарал ауданында заңбұзушылықтар азайып келеді. Әсіресе қоғамдық орындар мен көлік қозғалысындағы тәртіпсіздіктер едәуір кеміген. Бұған аудан көлеміндегі қала мен кенттерге қойылған бейнебақылау жүйелерінің орнатылуы сеп болып отыр. Жалпы биыл облыстық бюджет есебінен Мақтаарал ауданында […]
Пікір қалдыру