
Шымкент әкімі мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына мән беруді тапсырды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерді аралады. Қала басшысы алғаш болып Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Алғаш білім ошағының іргетасы 1989 жылы қаланған. […]