Шұбарда қордаланған мәселелер жайы қозғалды

Бүгін Шұбар ауыл округінде аудан активінің көшпелі жиналысы өтіп, ауылдағы өзекті мəселелер талқыланды. Жиынды ашқан аудан əкімі Рашид Қайыпжанов алғашқы сөзді Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жобалық кеңсе жетекшісі, облыс əкімі аппаратының бас инспекторы Бақытжан Əшірбековке берді. Баяндамашы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласы жүктеген міндеттерге тоқталып, оларды жүзеге асыру тетіктерін тарқатқанын айта кету керек. Келесі болып мінбеге Шұбар ауыл округінің әкімі Қыдыр Сейтқұл шығып, атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Ауыл округінің жалпы жер көлемі — 17 181 га. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер — 15 954 га, оның ішінде егістік тәлімі жер — 4 386 га, суармалы жер — 1 427 га, жайылымдық жер — 9 252 га, үй іргелік жер — 232 га. 6 елді мекенде 8345 тұрғыны бар. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандар 40, осы нысандарда 135 азамат жұмыспен қамтылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*