Шұбарда 300 ден астам отбасы «Өрлеу» жобасымен қаржы алып кәсіп етуде

Шұбарда иылғы 10 айда 129 отбасы, 513 балаға 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына құжаттар өткізіліп, 8 млн. 532 мың 100 теңге көлемінде қаржы төленді. «Өрлеу» жобасы бойынша 317 адамға 19 797,0 мың теңгеге қаржы беріліп, ауыл азаматтары кәсібін дамытуды бастаған. Ауыл округі бойынша 6 елді мекеннің 3 елді мекені құбырлы таза ауыз сумен қамтылған (халықтың 79,5 пайызы), 3 елді мекен баспа құдық суын (халықтың 20,5 пайызы) пайдалануда. Жусансай, Сарытоғай және Аққойлы елді мекендерінен су ұнғымасы қазылып, сынамасы алынып, жер асты су қоры тексерілген. Ағымдағы жылы Жусансай елді мекеніне ауыз су жүйесін жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары жасалынып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Шұбар ауыл округінде жалпы 7 канал (Шұбар-Қайшылы, Қозыке, Ақтұмсық, Бағлан, Балпан, Аққойлы және Орынбай) бар. Ағымдағы жылы «Ақтұмсық» каналының 0,8 шақырым жері демеушілер және шаруаларды ұйымдастыруымен каналдар техникамен тазаланған. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен Шұбар өзенінінің бастауына Қозыке, Орынбай Шұбар-Қайшылы каналдарына су бөлетін бас тоспа қайта жөндеуден өткізіліп, көктем айларында су тасқынын алдын алу үшін Қозыке және Шұбар-Қайшылы каналдар бойынан қашыртқы тоспалар салынды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*