Шұбардағы Қайшылы каналы келер жылы механикалық тазалаудан өтеді

Шұбар ауылында жаз айларында 692 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге және 60 гектар үй іргелік жерлерге су жеткізу өте қиын. Сол себепті, 2016 жылы Шұбар-Қайшылы каналы 12 шақырым, Қозыке каналы 8,5 шақырым және Ақтұмсық каналы 3,2 шақырым жерін механикалық тазалаудан өткізу үшін ұсыныс беріліп, 2017 жылы ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 2018 жылы механикалық тазалудан өтеді деп күтілуде.
Сонымен қатар, жиын барысында аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Алтынай Сихымбаева, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуаныш Ысқақов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арсен Ахметов, аудандық сəулет жəне қала құрылысы бөлімінің басшысы Олжас Көпжасаров, аудандық кəсіпкерлік бөлімінің басшысы Фатима Ташимова сөз алып қордаланған мəселелер жайын қозғағанын айта кету керек.
Тұрғындар тарапынан айтылған өтініштерді де тыңдаған аудан əкімі Рашид Қайыпжанов ауыл əкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*