Ордабасыда бір жетіде үш рет жәрменке өтеді

Ордабасы ауданының орталығында жергілікті тауар өндірушілердің апта сайын өткізілуі жоспарланған жәрменкесі 3 рет өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, жәрменкеге кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «Оңтүстік» Азық-түлік компаниясы» келіп, қатысып тұрақтандыру қорынан әлеуметтік тауарларды (картоп 1кг-85т, сәбіз 1кг-80т, пияз 1кг-50т, макарон өнімдері 1кг-145т, күріш 1кг-180т, құмшекер өнімі-170т) тұрғындарға қол жетімді бағада ұсынып отырғанын ерекше айта кету керек.Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Жансейіт Қансейітұлының, «Атамекен» әлеуметтік дүкендері желісін кеңейту тапсырмасы бойынша, бүгінгі таңда аудан орталығында 3 әлеуметтік дүкен (Шұбарсу, Төрткөл, Бадам ауылдық округтерінде) және «Әлеуметтік халықтық базар» жеке кәсіпкер «Жан алтын» көкөніс базарында ұйымдастырылып жатыр. Нәтижесі де жаман емес. Әлеуметтік халықтық базардағы аса маңызды ауылшаруашылығы тауарларының бағасы жұмыртқа I-категория 1 дана 23-24 теңге, картоп 1кг-85 теңге, сәбіз 1кг-80 теңге, пияз 1кг-50 теңге, қырық қабат 1кг-45 теңге. Құс еті 1кг- 580 теңгң.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*