Ордабасыда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жүзеге асыруда ардагерлер белсенді

Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Азат Оралбаев аудандағы қоғамдық ұйым жетекшілерімен, мәдениет, білім, медицина саласының өкілдерімен, ардагерлермен алқалы жиын өткізіп, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласындағы міндеттемелердің ауданда орындалу жайын талқылады. Сонымен қатар, жиын барысында еңбек ардагерлері Қойшыбай Әріпбаев, Лесбек Жүсіп, Тұран Әбдіқайымұлы аудан тарихына тоқталып, бүгінгі өскелең ұрпақ жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеуде атқарылуы тиіс жұмыстарды кеңінен баяндағанын айта кету керек. Қазіргі таңда бұл тұрғыда аймақтағы зиялы қауым, ардагерлер жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.Мұнан өзге, аудан орталығындағы Дәулеталыұлы Бегалы ата мешітінің бас имамы Бастарбек Әшірбай да стратегиялық мақаладағы міндеттемелерге қатысты пікірін білдіріп, ұсынысын жеткізді.
Басқосуды қорытындылаған Азат Әбдіғалиұлы ендігі кезекте сөзден іске көшетін уақыттың келгенін айтты. Сонымен қатар, мемлекет дамуының бұл сатысында да жиынға қатысушылардың жұдырықтай жұмылып, еңбек ететініне сенім білдірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*