«Балаларға бақыт сыйлайық» қайырымдылық шарасы өтті

1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік алуына, ел еңсесінің көтерілуіне, халық арманының орындалуы мен мемлекетіміздің қарқынды дамуына іргетас болып қаланған күні. Еліміздің тарихи таңдау жасап, тағдырлы шешім қабылдаған Қазақстан Республикасы Президентін алғаш рет сайлаған күні. Осыған орай Төлеби аудандық мәслихат депутаты «Нұр Отан» пратиясының фракция мүшесі Мадина Ермағанбетованың бастамасымен, Төлеби аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен, Төлеби аудандық мәслихат депутаттары, аудандық аурухана және Төлеби аудандық партия филалының «Орталықтандырылған Бастауыш партия ұйымының» төрайымы З.Сарыпбекованың атсалысуымен «Елбасымыз – тірегіміз» атты іс-шара ұйымдастырылды. Осы айтулы мерекемен бірге Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында «Балаларға бақыт сыйлайық» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Мерекелік көңіл күй сыйлаған шарада балалар да өздерінің өнерлерін жан-жақты көрсетті, Елбасымызды әнге қосып, би биледі. Облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты №7 Тасарық арнаулы балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің өнерпаздары жиналған көпшілікті түрлі өнерлерімен тәнті етті.
Аудан әкімі Бұхарбай Рысқұлұлы және мекеме басшылары қонақтарды мерекемен құттықтап, өнерімен көптен ерекшеленген балаларға сыйлықтар ұсынды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*