Ж.Түймебаев: Біз абдыруға емес, рухани жаңғыруға бет бұрған жұртпыз

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясындағы аймақ ақын-жазушыларының шығармашылық кездесуі мен «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих», «Жаһан таныған жеті тұлға» атты кітап көрмесінің тұсаукесерінде айтты.ҚР Ұлттық Академиялық кітапханада өткізілген кездесудің мақсаты Тәуелсіз еліміздің бірегей жеңісінің, халықаралық аренадағы жетістігінің бірі, төрткүл дүние көз тіккен дүниежүзілік басты оқиға – «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қолдау көрсету. Осынау айтулы дүбірлі мерекеге орай, оңтүстікқазақстандық қаламгерлер астаналық оқырман қауыммен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау, сыр-сұхбат құрып, ой бөлісу болып табылады.«Біз кезінде ерікті, еріксіз алыстап кеткен өз рухани құндылықтарымызға қайта келе жатқан жұртпыз. «Рухани жаңғыру» соның көрінісі. Қазіргі кезде рухани жаңғыру аясында әдебиет мәселесіне қатысты өрелі ойлар ортаға салынып жатыр. Әрбір облысқа қатысқан әдеби ортаның шығармашылық әлеуетін көтеру оларға тың серпін береді. Аймақта түрлі республикалық деңгейдегі мереке, айтулы күндерге орай, сондай-ақ өлкені таныту мақсатында да түрлі кітаптар шығарылып тұрады. Бүгін тұсауы кесілгелі отырған екі кітап соған дәлел», — деді ол.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*