Оңтүстікте құзырлы орган өкілдері мен студенттер заң жобасын талқылады

«Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша ҚР заңнама актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын құзырлылар студент жастармен бірге талқылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті ұйымдастырған дөңгелек үстел жиынына барлық құқық қорғау органдары мен адвокаттар, интенет блогерлер қауымдастығы, Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Қылмыстық процестің жаңа тәртібін түсіндірген шенділер студенттер мен ұстаздар қауымымен ашық әңгіме жүргізді. Болашақ заңгерлерді баптап жатқан ұстаздар сот залдарынан практикалық сабақтар өтуге құмбыл. «Тым болмағанда үлгілік фиильмдер көрсетіп, тәжірбие арқылы берген білім сапалы болар еді»,- дейді олар.

Қылмыстық процестің жаңа тәртібі түсіндірілген жиында құзырлы орган өкілдеріне жиналғандар тарапынан қойылған сұрақ аз болмады. Жемқорлыққа қатысы бар қылмыстарда дәлелдер мен дәйектерді тіркеу тәртібі, қылмыстық процесті жаңғырту негізінде пайда болған жаңа ұғымдар туралы да сөз болды.

Қылмыстық процестік негіздерді жаңғырту халықаралық тәжірбиеге сүйене отырып жасалуда. Осылай дескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті мұндай басқосуларды жүйелі түрде өткізбек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*