ОҚО-да 1268 қоғамдық ұйым бар

Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерлікті арттыруға күш салуы тиіс. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, алқалы жиын өткізді. Өңірімізде 1268 қоғамдық ұйым тіркелген. Оның 558-і үкіметтік емес ұйым болса, 174-і белсенді үкіметтік емес ұйым саналады. Облыста үкіметтік емес ұйымдар қолдау мақсатында жыл сайын қаржыландыру көлемі артып келеді. Нәтижесінде өңірімізде 200-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Алайда кейбір салалар бойынша жүйелі жұмыс жеткіліксіз. Мәжілісте сөз алған «ОҚО Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы Шәріпбек Жамалбек мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұзақ мерзімді 3 жылдық конкурс өткізу мәселесін көтерді. Ал, Шымкент қаласындағы мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Вадим Торопов Ордабасы, Сайрам, Бәйдібек, Түлкібас, Шардара аудандарында «Инва Такси» қызметін ұйымдастыру жөнінде ұсынысын жеткізді. Жиынды қорытқан облыс әкімі өңіріміздегі үкіметтік емес сектордың белсенділігін арттыру мақсатында бизнес құрылымдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықта жұмыс атқаруға шақырды. Белсенділерін өз атынан марапаттады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*