Шардарадағы колледжедр дуалды оқу жүйесін сәтті қолданып келеді

Кадр мәселесін Шардарадағы №16 колледж ұжымы дуалдық оқыту жүйесі арқылы шешуді қолға алған. Жыл санап өндірісі өркендеп келе жатқан өңірдегі кәсіпорындарға қажетті балықшы мамандар кәсіптік білім беру мекемесінде даярланады. Сондай-ақ, мұнда баршаға техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасымен жүзден астам азамат қысқа мерзімдегі курстарда білім алады. Зауыт салып, заманауи құрылғы сатып алуға болады. Алайда оны игеретін бәсекеге қабілетті маман қажет. Ал Шардара қаласындағы №16 кәсіптік колледж кәсіпорындарға қажетті кадрларды дайындауда. 44 жылдық тарихи бар орта арнаулы оқу орнында 11 мамандық бойынша 700 ден аса студент білім алып жатыр. Солардың бірі – Жандос Құдайбергенов. 2-курста оқитын болашақ энергетик қазірден өз ісінің шебері атанып үлгеріпті. Ол қазір кәсіптік оқу орындары арасында өтетін «World Skills Kazakhstan» байқауына дайындық жүргізуде.

«Мен бұл мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Бұл жерде алып жатқан білімім мен тәжірибем жеткілікті деп айтсам болады. Мен ең алғаш үй монтажын жинаудан бастадым. Қазіргі таңда магниттік қосқышты жинай аламын»,- дейді студент Жандос Құдайбергенов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*