Шардарада 120 адам 3 айлық курста білім алып жатыр

Шардарадағы №16 колледжі кәсіптік білім беру мекемесінде оқу бағдарламалары модульдік оқыту жүйесіне бейімделіп жасалған. Тіпті шалғайдан келетін ауыл балаларын жатақханамен де қамтып отырғанын айта кету қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы бойынша мұнда 120 адам 3 айлық курста білім алуда. Мақсат – еңбек нарығының талаптарына сай сапалы маман шығару.

«Бос жүрген азаматтарды, оқу бітірген және оқуға түсе алмай қалғандардың барлығын жергілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып, солардың жолдамасымен осында тегін, толыққанды оқытып, жатақханамен қамтып, бір мезгіл ыстық тамақ және ай сайын шәкіртақы, жылына екі рет жол жүру қаражаты берілгенін айтып өтуіміз керек»,- дейді колледж директоры Зәкірхан Талбидин.

Сонымен қатар, мұндағы инженер-педагог кадрлардың 85 пайызы, студенттердің 75 пайызы ғылыми-шығармашылық жұмыстарымен айналысады. Колледж студенттері оқу мен ғылымда, мәдениетпен спорт салаларында да үлкен жетістіктерге жеткен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*