«Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуы өтті

Өткен жылдың соңында Әзірбайжан Республикасының Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Түркістан қаласы — Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып бекітіліп, жыл бойы түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты нығайту, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында 40-қа жуық түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

2017 жылдың наурыз айынан бастап Түркістан қаласында аталған шараның салтанатты ашылуы мен ТҮРКСОЙ Баспасөз сыйлығын тапсыру рәсімі, Ұлыстың ұлы күні — Наурыз тойы мерекеленіп, «Түркістан және Түркология» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы, Түркі әлемінің «Бұраң бел» би фестивалі, «Наурыз» ақындар айтысы, «Театр көктемі-2017» фестивалі мен ТҮРКСОЙ театр басшылары кеңесінің мәжілісі, «Күлкі жәрмеңкесі» фестивалі, «ХХ-шы ТҮРКСОЙ халықаралық опера жұлдыздарының» фестивалі, «Ортеке» қуыршақ театрларының фестивалі, «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалі, суретшілер, фотосуретшілер, ақын-жазушыларының кездесулері мен Ынтымақтастық күні мерекесі және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы атанған Түркістан қаласында ағымдағы жылғы 5 желтоқсан күні ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 35-ші отырысы және «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуы өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*