ҚР ауылшаруашылығы министрі Ө.Шөкеев мақта өңдеу зауытының басшыларымен кездесті

ҚР премьер-министрінің орынбасары-ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысындағы Жетісай ауданы, Асықата кентіндегі «Корпорация Ақ-Алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта шикізатын өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Бұл зауытта жылына 60 мың тонна мақта шикізатын қайта өңдеуден өткізіледі. Науқан кезінде 265 адам жұмыс істейді. Мұнда өндірілген өнімдер ТМД және шет мемлекеттерге жөнелтілетінін айта кету керек. Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев осында жиын өткізіп, аудандағы мақта өңдеу зауытының басшылары шаруа қожалықтарының төрағаларымен және  трейдерлік компаниялардың қатысуымен мақта шикізатының өзекті мәселелерін талқылады.

Бұдан кейін вице-премьер одан кейін Қарақай ауылдық округіндегі «Кетебай» өндірістік кооперативінің егістік алқабын аралап көрді. 1996 жылы құрылған кооператив иелегіндегі 800 гектар егістік жерге мақта еккен. Қазіргі таңда, мақтаны өсіруге және теруге арналған 60-қа жуық техникасы бар. Диқандармен жүздескен Өмірзақ Естайұлы Жетісайдағы мақта терімі жұмыстарына оң бағасын беріп, еңбекқор тұрғындарға табыс тіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*