Түркістан облысында үкіметтік емес ұйымдардың мәселелері кеңінен талқыланды

«Түркістан облысы Азаматтық альянсының» төрағасы Шәріпбек Жамалбек, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың кітапханасында Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Түркістан облысы Азаматтық альянсының» ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйымдармен жиынында өңірдегі үкіметік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру бағытындағы ойларын айттып, қараша айында өтетін облыстық азаматтық форумға дайындық мәселесін қозғады.

Сонымен қатар, «Аталар аманаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Бекбаев, «Чернобыль одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Әшірбаев, «Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық қорының төрағасы Еркінбай Шалтан және «Түркістан қалалық ҰОС және еңбек ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов пен өзге де азаматтар сөз сөйлеп, көптеген мәселелерді ортаға салды.

Атап айтсақ, Түркістан қаласындағы әлеуметтік нысандарда мүгедектерге арналған пандустардың жоқтығы, қоғамдық бірлестіктерге арналған кеңселердің өте тапшы екендігі сөз болды. Сондай-ақ, әлеуметтік тапсырыстарды өзге өңірдің бірлестіктері жеңіп кететіні, мүгедек жандардың жұмысқа орналасудағы қиындықтары, оларға қолдау қажет екені айтылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*