Б.Нұрмұхаммед: Түркістан мемлекеттік басқару, урбанизация, туризм салалары бойынша мықты мамандар дайындауды күшейтуі тиіс

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың мәдениет сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша аймақтық сарапшылардың кездесуі өтті. Кездесуді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Түркістан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бірлесіп өткізді.«Елбасы мемлекеттік қызметшілердің деңгейін, мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берді. Бұл бағытта да жаңа бастамалар қолға алынып жатыр. Мәселен, ескі жүйе бойынша мемлекеттік қызметкердің жалақысы оның лауазымы мен еңбек өтіліне байланысты болатын. Ал, жаңа жүйе бойынша жұмыстың күрделілігі ескеріледі. Жұмысты сапалы істеген қызметкерлерге бонустар беріледі. Осы арқылы басшылық пен мамандар жалақысы арасындағы алшақтық төмендейді» — деді аталмыш институттың әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина.

Сонымен қатар, белгілі саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхаммед биыл бір жылда екі Жолдаудың жариялануының астарында Елбасының әлеуметтік мәселелерді жылдам шешу мақсаты жатқанын айтты. Себебі, үш ай бұрын айтылған тапсырмалар мен бастамаларды келесі жылдың бюджетіне енгізуге мүмкіндік бар. «Осы арқылы қоғамдағы ең өзекті мәселелер шешімін табады. Ал, Түркістанға келсек, бұл қаладағы жетекші оқу орындары мемлекеттік басқару, урбанизация, туризм салалары бойынша мықты мамандар даярлауды күшейтулері тиіс» — деді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*