Түркістан облысындағы туристік шаралар келер жылы жалғасады ма?

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, өңірде бұған дейін Түлкібас ауданында өткен “Қызғалдақ”, Бәйдібектегі “Қымызмұрындық”, Жетісайдағы “Қауынфест” фестивальдарының маңыздылығына кеңінен тоқталды.

«Ауқымды іс-шаралар арқылы ауданның болашағы үшін маңызды брендтерін елге әйгілі етуді мақсат тұттық. Биыл игі бастамаларды бастап бердік, енді іскер жігіттер, жергілікті кәсіпкерлер, ауданның атпал азаматтары осы ойларды жалғастырып әкетіп, ары қарай дәстүрлі шараға айналдыруы тиіс»,- деді Жансейіт Түймебаев.

Сонымен қатар, шара аясында облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы сайыста үздік болған бірқатар спортшыларды марапаттап, сый-сыяпат жасады. Кейін фестиваль «джип» көліктерінің жарысымен жалғасып, құмда композициялық ROCK RACING шоуы көрсетілгенін айта кеткен жөн. Дүбірлі жарыс түйелер сайысымен қыза түсті. Онда 15 түйеші бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Айтулы шараға келген қонақтар одан соң саятшылардың халықаралық жарысына куә болды.

Түркістан өңірінің туристік әлеуетін арттыруға арналған халықаралық шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*