Үндістандық компания, Түркісан облысында жергілікті құс шаруашылықтарымен біргелікте жобалар жасамақ

Түркістан облысында құс шаруашылығына инвестиция салуды көзейтін Үндістанның  «Venkateshwara Hatcheries Private Limited» (VH group) компаниясының операциялар жөніндегі бас ди⁠ректоры Муртуза Али Исмаил МАГДУМ  Түркістанға келудегі мақсатын түсіндірді. Инвестордың айтуынша, компания 1971 жылы құрылған.  Тек Үндістанда ғана емес, АҚШ және Еуропа елдерінде бірлескен кәсіпорындары мен жобалары бар.  Қазір әлемде «Venky’s» деген атпен танылған алпауыт компания құс өсірумен, жұмыртқа өндірумен қатар жұмыртқа ұнтағын да кәдеге асырып жүр.  Арнайы зерттеу орталықтарында құс шаруашылығына қажетті вакцина шығарумен де айналысады. Осы деректерге тоқталған үндістандық компания басшысы келіссөздер сәтті аяқталса, Түркістан облысында жұмыс бастауға дайын екенін мәлімдеді. Дәлірек айтсақ, «Ордабасы құс» және «Шымкент құс» ЖШС-імен де біріккен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. 
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құс шаруашылығын халықаралық деңгейге көтеру арқылы экспорт көлемін арттыруға болатынын айтып, осы салаға жауапты орынбасарларына үндістандық инвестормен іскерлік байланысты нақтылауды тапсырды. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*