Бәйдібек ауданында баламалы энергия көздерін өндіру қарқын алуда

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында баламалы энергия көздерін өндіру жанданып келеді. Қазіргі таңда өнім қуаттылығы 40 мВт болатын отандық «Ветропарк Жүзімдік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қажетті құжаттарын толық дайындап, осы жылы құрылыс жұмыстарын бастамақ.

Сонымен қатар, шетелдік «Emperial Renewabie Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (қуаттылығы 100 мВт) және «KK-Kiunsen» (қуаттылығы 210 мВт) кәсіпорындары жобалық сметалық құжаттарын әзірлесе, аталған саладағы жұмыстарды ағымдағы жылы толық аяқтау жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн.

Бәдібек ауданы әкімі Бақтыбек Төленұлының айтуынша, биылғы жылы индустриалды аймақта ет және сүт өңдейтін және табиғи байлықтарды өндіретін өндіріс орындарын орнату жоспарланып отыр екен.  Оның бірі ет, сүт және мал азығын қайта өңдейтін «Шаян өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің агро кешені. Бұл кешеннің жобалық құны 1 500 млн. теңгені құрайды. Алдағы уақытта кәсіпорын жылына 2000 тонна ет, 2500 тонна сүт, 5000 тонна мал азығын өндіруді жоспарлап отыр.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*