Былтыр Бәйдібек ауданы инвестиция тартуда облыста алда болды

Бәйдібек ауданда өткен жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің жоспары 5 млрд. теңге болса, жыл қорытындысымен жалпы 34 млрд. теңгені құрап, 7 есе артық орындалған. Бұл облыстағы ең жоғарғы өсім көрсеткіші болып отыр.

«2017 жылы аймақтағы жалпы өңірлік өнім көлемі 34,8 млрд. теңгені құрады. Былтыр аудан бюджетінің кірістері 15,4 млрд теңгеге бекітіліп, жыл қорытындысымен 100,2 пайызға артығымен орындалды. Өңірде өткен жылы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 3,1 млрд. теңгеге жетіп, нақты өсім көлемі 103 пайызды құрады», — деді Бақытбек Төленұлы.

Елбасы Жолдауында елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу тапсырылған болатын. Осы орайда ауданда 3500-ге жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеуде. Аталған саладағы өндірілген өнім көлемі өткен жылы 7,3 млрд. теңгені құраған.

Айта кетерлігі, Бәйдібек ауданындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылы 17,4 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 105 пайызға жетіпті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*