Түркістан облысында туризм индустриясын дамытуға бағытталған 2019-2025 жылдарға арналған бағдарлама қолға алынбақ

Биыл Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани әрі ірі туристік орталығына айналдыру жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінде өңірде осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, бүгінде өңірдегі туризм индустриясын дамытуға бағытталған 2019-2025 жылдарға арналған бағдарлама қолға алынбақ.

Осының арқасында жыл басынан бері Түркістанға  1 миллион турист келіп,  өткен жылмен салыстырғанда 57,2  пайызға өскенін ерекше айтып өткен жөн. Алдағы уақытта рухани астанамызға келетін қонақтардың санын бүгінгі көрсеткіштен біренеше есе арттыру жоспарланып отыр. Нақтырақ айтқанда, 2025 жылға қарай туристердің санын 5 миллионға жеткізу көзделіп отыр.

Халықаралық медиа форумда жасалған бүгінгі меморандум  Түркістан қаласының оң имиджін қалыптастырып,  туризмін дамытуға серпін береді деген сенім мол. Айта кетейік, форум қарсаңында Түркістанда «TÚRKІSTAN MEDIA» халықаралық орталығы ашылды. Енді қалаға сапарлап келген шетелдік және отандық журналистер осы орталықтың қызметін пайдалана алады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*