МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА СЕНАТОР ӘЛІМЖАН ҚҰРТАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Мақтаарал ауданына Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Парламент Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев арнайы келіп, аудан активімен кездесу өткізді. Жиынға Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, аудандық мәслихат депуттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Алғаш боп сөз алған Әлімжан Сейтжанұлы жаңадан құрылған Мақтаарал ауданының халқына құтты болсын айтып, Елбасының Жолдауындағы негізгі бағыттарға жеке-жеке тоқталып, кең көлемде баяндама жасады.

«Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы мерзімі мен мағынасы, салмағы жағынан да өзгеше болды. Бұл жолы Президентіміз: «Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты» болады деді. Бірінші кезекте Елбасы халық табысының өсуіне мән берді. Осы ретте Елбасымыз үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды», — деді Әлімжан Сейтжанұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*