Түркістан облысы тамшылатып суғару мен жылыжай бойынша республикада көш бастап тұр

Түркістан облысы жылыжай, тамшылатып суғару бойынша көш бастап тұр. Мәселен, жылыжай 126,2 гектарға салынып, жалпы     1285,4 гектар жерді  құрады. Ал, тамшылатып суғару әдісі 6,4 мың га артып, жалпы 64,4 мың га құрап отыр. Республикада жылыжай үлесі — 80%, тамшылатып суғару — 72% құрағанын да айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 2,7 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. (2017 ж. 2,5 млн.тонна). Оның ішінде, 500 мың тоннаға жуық өнімдер Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспортталса, 1 млн. тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілген болатын. Ал, қайта өңдеу саласы бойынша облыста 38 ет, 35 сүт, 34 жеміс-көкөніс өңдейтін кіші, орта және ірі кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр.

Айта кету керек бүгінгі күні Түркістан облысында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.                9 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 84,4 млрд. теңгені, өсімі 109%-ды құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы              325,4 мың шаршы метрді, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 120,7% құрады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*