ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – КЕЛЕШЕК ҚОҒАМ МҰРАГЕРЛЕРІН ТӘРБИЕЛЕУ ІСІ

Келес ауданы орталығы Абай ауылында орналасқан Исабаева Зулпия Латипбайқызы жетекшілік ететін «Күншуақ» балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бүгінгі таңда 280 баланы 12 топқа бөліп тәрбиелеп отыр. Айта кету керек сонау 1986 жылы құрылған мекеме, 2012 жылы күрделі жөндеуден өтіп заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтылған еді. Бүлдіршіндер мекемеде қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдерінде білімнің алғашқы сабақтарын алып жатыр. Бүгінгі күні балабақшада жоғары санатты, жоғары білімді педагогтар жұмыс істейді. Соның нәтижесінде 2017 жылы балабақшада аудандық семинар өтіп, бірінші орынды иеленді. Мерекелік іс шаралар бүлдіршіндердің ата-аналары қатысуымен жоғары деңгейде өтіледі. Облыстық дәрежеде, аудандық білім бөлімі тарапынан жоғары санатты меңгеруші Исабаева Зулпия, әдіскер Қырғызалиева Мария, психолог Абдикулова Сапаркуль, тәрбиешілер Алимбекова Куляш, Байжұманова Ташбибі, Қожахметова Лаура, Мырзашева Ұлбосын және ән жетекші Менлибаева Замира марапатталған. Жалпы балабақшада педагогтар саны – 33, техникалық қызметкерлер саны – 34 құрайды.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*