ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАТТАР – КЕЛЕС АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Биылғы жылдың 12 қарашасында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға ниетті азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Павлодар облысы, Железин аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысы Ибрагимов Қайрат Ибрагимович, Павлодар облысы, Железин ауданы, Алакөл ауыл округінің әкімі Идирисов Нурполат Зарлыханович және Павлодар облысы, Железин ауданы Абай жалпы орта мектебінің директоры Мухамеджанова Құралай Молдахметовна Келес ауданына іс сапармен келді, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теріскейден келген қонақтар, Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Сексенбаевтың қатысуымен Біртілек әкімі аппаратының ғимаратында жергілікті тұрғындармен кездесті. Біртілек, Ошақты, Ұшқын ауыл округі тұрғындарымен, №13 колледжінің мәжіліс залында Абай, Алпамыс батыр, Бозай, Жамбыл, Жүзімдік ауыл округі тұрғындарымен, Қошқарата ауылы мәдениет үйінде Қошқарата, Ақтөбе, Бірлесу, Бірлік ауыл округі тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*