САРАПШЫЛАР ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ КЕЛБЕТІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев сәулет саласына қатысты мамандармен бейресми кездесу өткізді. Құрамында Қазақстанның халық суретшісі Ерболат Төлепбай, Қазақстан Республикасы Сәулетшілер Одағының вице-президенті Бақытжан Әшірбаев, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов және облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсібалиев сынды бірқатар азаматтар бар жұмыс тобы Түркістан қаласының бас жоспарында қамтылатын нысандардың орналасу тәртібі, сәулеттік келбетінің ерекшеліктерімен танысты.
Үш бағыт бойынша, атап айтқанда, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық мұражайының маңында салынатын құрылыс нысандары, сонымен бірге, әкімшілік-іскерлік орталығын салу бағыттары бойынша дамитын облыс орталығындағы жобалардың нақты орналасу орындарын талқылаған мамандар бүгінгі кездесуде аталған жұмыстарға қосымша Түркістан қаласындағы жолдарды да реттеуді жоспарға қосты. Осы орайда, белгілі сәулетшілер шаһарда айналма жолдар салып, қаланың инфрақұрылымын дамытуды және сәулетін одан әрі көркейтуді көздеп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*