Британдықтар Түркістан облысына инвестиция салуға мүдделі

Түркістан облысының шетелдік инвесторлар арасында танымалдылығы артып, облыс әлеуеті жаһандық аренада жиі талқыға түсуде — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Айта кету қажет, FT Live Events ұйымдастыруымен Лондон қаласында өткен «Kazakhstan Global Investment Forum 2019» Қазақстан-Британ инвестициялық форумында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері және инвестициялық мүмкіндіктер ортаға салынды. Іс-шара Қазақстанның бизнес және инвестиция саласындағы кең мүмкіндіктері мен елдегі экономикалық жетістіктерге арналды. Форумға 400-ден астам делегаттар, Ұлыбританияның және басқа елдердің ауыл шаруашылығы, құрылыс және туризм саласындағы корпоративтік инвесторлары бас қосты. Түркістан облысының атынан облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған «Turkistan invest», «Turkistan» арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарының басқарушы компанияларының басшыларынан құралған делегация қатысты. «Road show» өңірлер мен арнайы экономикалық аймақтар панельдік сессиясында Түркістан облысы тұңғыш рет Қазақстанның жаңа аймағы ретінде шетелдік инвесторлардың назарына ұсынылып, инвестициялық және туристік әлеуетіне қызығушылық тудыруда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*