ТАРИХТЫ ТҮГЕНДЕГЕН ЭКСПЕДИЦИЯ

«Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан құрылған «Келешек» жастар кеңесі қалалық Жастар ресурстық орталығы Аутрич және NEET бөлімімен бірлесе Шымкент қаласы – ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына орай қала жастарына Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейге шеру өткізді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Шара барысында Музейдің сыртқы келбетінің ерекшелігіне және ондағы залдарға қойылған экспонаттарға талдау жасалды. Сондай-ақ, музей ортасына қойылған «Репрессия» скульптурлық композициясының ерекшелігі көрсетіліп, экспозиция залында саяси қуғын сүргінге ұшыраған қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси күрескер, патриот, ғалым, киелі өнер иесі болған тарихи тұлғалардың портреттер галереясымен таныстырылды. Сонымен қатар, Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған қысқаметражды фильм жастардың назарына ұсынылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*