Шымкент: Банк бөлімшелерінде сақтық шаралары қатаң сақталған

Шымкент қаласындағы банк бөлімшелерінде короновирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу мақсатында сақтық шаралары қатаң сақталып отыр. Еліміздің үшінші мегаполисіндегі «Халық банк», «Каспий банк» және «Қазпочта» филиалдарындағы жағдай бақылауда, яғни  қалыпты. Қазіргі таңда айдың басы, сондықтан да банктерге тұрғындар түрді төлемдер үшін, яғни зейнетақы, жәрдемақы, жалақы алу үшін көптеп жиналып жатқаны айтпаса да түсінікті.

Әлем жұртына төнген қауіпті дертке байланысты, індеттің алдын алу мақсатында сақтық шаралары қатаң сақталған. Дүние жүзінің жұртшылығын дүрбелеңге салған дерттің қауіптілігін ұғынған қалалықтар да банк бөлімшелеріне келгенде түсіністікпен қарап, сақтық шараларын ұстанып отыр.

Мәселен, «Нұрсәт» шағынауданындағы «Халық Банк» бөлімшесі мен А.Асқаров көшесіндегі «Хоум банк» және «Халық Банк» бөлімшелерінен келушілерге арналған күту орындары дайындалған.

Қиын-қыстау кезеңде банк бөлімшелері осылайша жұмыстарын ширатып, сақтық шараларын күшейткен. Пандемияға байланысты қазір банктердің 80% қызметін онлайн арқылы пайдалануға болады. Сонымен қатар, банк карталарымен кез келген төлем түрлерін жасауға мүмкіндік бар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*