Ардагерлер ардақты-Ерлер

Шарипов Аманқұл, ҰОС ардагері

ШАРИПОВ Аманқұл 1926 жылдың 1 қаңтарында қазіргі Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «Жұмысшы» ауылында дүниеге келген. Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген.
1944 жылы он сегіз жасында қызыләскер қатарына алынған.

Екінші Белорусь майданында шайқасқан 875-ші атқыштар полкінде қызмет атқарған. 1950 жылы әскер қатарынан босап, елге оралған.

Туған жерге келген соң алғашқы кезде Шеңгелді стансасында теміржолшы болып істеді. Кейін Қазығұрт ауданындағы ПМК-да (жылжымалы механикаландырылған колонна) қызмет атқарып, зейнеткерлікке шықты.

Отбасында бес ұлы, үш қызы бар.
2-ші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны алғаны үшін» және басқа да медальдермен марапатталған.
Ол – Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*