Шымкентте сауда базарлары жұмысын қайта бастады

Шымкент қаласында сауда базарлар өз жұмысын қайта бастап жіберді. Алайда,  санитарлық және эпидемиологиялық талаптар қатаң түрде сақталатын болады. Еліміздің үшінші мегаполисінде сауда базарлары сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі жұмыс режимімен жұмысын қайта бастады. Қаладағы басқа базарлар әлі ашылған жоқ. Санитарлық және эпидемиологиялық талаптарға сәйкес бұл базарларда әзірге жөндеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Яғни машина және мал базарлары әзірге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты тоқтап тұр.

Жұмысын қайта бастаған сауда базарларда қауіпсіздік шаралары қатаң талап етіліп жатыр. Сондай ақ санитарлық жабдықтармен қамтылуда.

Осы ретте, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы сатушылар мен тұтынушылардан санитарлық нормаларды сақтап, жауапкершілікпен қарауларын сұрайды. Өйткені, әлемді дендеген пандемияға қарсы күрес және оның алдын алу әрбір тұрғынның жауапкершілігіне де тікелей байланысты. Санитарлық және эпидемиологиялық талаптарды сақтау арқылы сіз өзіңіздің және айналаңыздағылардың денсаулығын сақтай аласыз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*