Шымкентте қалаға кіреберістегі блок-бекеттер жұмысын жалғастыра береді

Шымкентте қалаға кіреберістеріндегі блок-бекеттер жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн-брифингте мәлім етті.

«Блок-бекеттер мәселесі бойынша тұрғындардан көптеген сауалдар келіп жатыр. Дегенмен, елімізде 11 мамырда төтенше жағдай алынғаннан кейін тұрғындар арасында карантин талаптары тиісті деңгейде сақталмауы салдарынан Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны күрт өсті. 11-18 мамыр аралығында күніне ең жоғарғы көрсеткіш 77 адам болды немесе өсімі 28,8% құрады.

Осы блок-бекеттерде сырттан келген 8 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды. Сондықтан Шымкент қаласына кіріп-шығатын жолдарға қойылған блок-бекеттердің жұмысы жалғасады,»- деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Айта кету керек, Шымкент қаласында санитарлық тексеру жұмыстары күшейтілген. Еліміздің үшінші мегаполисінде  4 136 нысанда мониторинг жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде тәртіпке бағынбағандарға 127 әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде 65 ескерту болса, 43 жәйт бойынша  айыппұл салынған, ал қалған 19  жәйт бойынша әкімшілік қамауға алынған. Шымкент қаласында санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуын қадағалау үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*