Шымкентте ерікті жастар тазалық акциясын өткізді

Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында еріктілер тазалық акциясын өткізді. Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы волонтерлары «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп қаладағы «Комсомол» көлі аумағында орналасқан 752 га мемлекеттік орман қоры аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл іс шараға 30 ерікті жас жұмылдырылды.

Орман — жер бетіндегі табиғат қорларының басты типі екендігін еске алсақ, ондағы табиғи байлықтарға да арнайы күтім қажет. Осыны ескерген «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен орталық еріктілері, қоршаған ортаның тазалығы мен ормандағы жасыл желектің көркеюіне үлес қосып, табиғат ресурстарын сақтап қалуда көмек қолдарын созды.

Тазалық акциясы арқылы экологиялық жағдайды жақсартуды мақсат еткен еріктілер орман ішін қоқыстардан тазартты.

Еске сала кету керек, қала еріктілері осыған дейін табиғат тазалығын басты назарда ұстай отырып, бірнеше сенбілік жұмыстарын жүргізген болатын. Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығы алдағы уақытта да осындай игілікті іс шаралардың ұйытқысы бола бермек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*