Шымкент: Шағынаудандарда да дезинфекция жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Шымкент қаласындағы шағынаудандарда короновирус инфекциясына қарсы залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді. Қаладағы Қаратау ауданындағы Ақжайық пен Достық және Асар шағынаудандарындағы ішкі орам көшелері мен аудан аумағындағы саябақ, аллеяларды залалсыздандыру жұмысы атқарылды. Бұл аталған Қаратау ауданы аумағындағы дезинфекция жұмыстарына 7 техника мен 40 жұмысшы жұмылдырылған. Барлық дезинфекциялау жұмысы бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Аудан аумағы толығымен күнделікті қарқынды түрде коронавирусқа қарсы дәріленіп жатыр.
Айта кету керек, Шымкент қаласы Қаратау аудан аумағында 419 көпқабатты үй және 1000-ға жуық көше бар. Сонымен қатар, Қаратау ауданы әкімдігі тұрғындарды инфекция таралудың алдын алу үшін карантин тәртібін қатаң сақтауға шақырады. Әлемдік пандемияға байланысты дүние жүзі халықтарын дүрбелеңге салған жаман дерттің беті қайтып, жеңіп шығу үшін ең алдымен әр адам өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Санитарлық және эпидемиологиялық талаптарға мән беріп, қарапайым тазалық қағидаларын сақтаған абзал. Қоғам болып күресіп бұл дертті еңсеретініміз анық.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*