НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

 

Түркістан облысына сапары барысында Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты.
Халықаралық әуежайдың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асқан. Қаладан 20 км қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған.
Әуе айлағын салу үшін 102 бірлік арнайы техника мен 300-ден астам құрылысшы жұмылдырылды. Халықаралық әуежайдың жалпы ауданы 905 га құрайды. Әуежайдың қызмет көрсету әлеуеті жылына шамамен үш миллион жолаушыны құрайды. Елбасы жаңа «Түркістан-Арена» стадионына барды. Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен салынған жаңа спорт нысанымен танысты.
Стадионның трибуналары жеті мың көрерменге есептелген. Ашық аренаның батыс және шығыс трибуналары бар. Сонымен қатар спорттық ғимаратта акробатика, бокс және ауыр атлетика жаттығу залдары орналасқан.

Елбасы сондай ақ Түркістан қаласында «Конгресс холл» көпфункционалды концерт залына барды. Шара барысында Елбасы концерттерге театрландырылған қойылымдарға, байқауларға, ғылыми конференцияларға және басқа да шараларға арналған көпфункционалды мәдени объектімен танысты.
Жаңа ғимаратта 1000 орындық көрермендер залы, төрт дайындық бөлмелері, әкімшілік кеңселері және балаларға арналған ойын бөлмесі болады.
Сонымен қатар сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жаңарған Ел – бақ қонған Ел» бейнеролигі ұсынылды.
Elbasy.kz

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*