«Nur Otan» партиясы – нақты істер мен жарқын болашақтың партиясы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына орай, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қалалық сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың 700-ге жуық ұсыныстарының ескерілгені партияның халықтың партиясы екенінің дәлелі. 10 басымдықтар мен 149 тармақ 475 индикатордан тұратын Жол картасын бес жылда іске асыру үшін бюджеттен 1,3 трлн. теңге қарастырылып отыр.
Бұл алдағы бес жылдықтағы партияның халыққа берген уәдесінің орындалуының көрсеткіші болып саналады. Жол картасын іске асыруды бақылау жасау мақсатында мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері бекітіліп, қазіргі таңда өте белсенді жұмыс жасап келеді. Әрбір индикатордың орындалуын партия бақылауда ұстайды. Елдің ертеңі жауапты партиямызға тапсырылғаннан кейін, Біз тұрғындардың сенімін ақтайтын боламыз деген сенімдемін. Сол үшін Жол картасын іске асыру басты мақсаттарымыздың бірі екенін жіті түсінуіміз керек.
Қалалық сайлауалды бағдарламаның атқарылуы бойынша әзірленген Жол картасының 11 айдағы іске асырылған жұмыстары уақытылы әрі сапалы орындалып келе жатыр деп айта аламын. Осы 11 айдың қорытындысы бойынша 2021 жылға жоспарланған 122 іс-шараның бүгінгі күнге дейін 73-і (59,8%) аяқталып, 49 – ы (40,2%) жылдың соңына дейін орындалады деген жоспарымыз бар. Осының ішінде қалалық мәслихат депутаты, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі ретінде өзіме бектіліген тиісті индикаторлар бойынша есеп беріп өтсем.
Атап айтқанда, Тұрғын үй және инфрақұрылым саласында атқарылатын іс-шаралар бойынша жылдың соңына дейін 661 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Ал, қазіргі таңда 11 айда 590,6 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп отыр. Бұл көрсеткішті артығымен орындап, 1 млн. шаршы метрге дейін жеткізіледі деген жоспар тұр. Ослардың ішінде, 629 әлеуметтік әлсіз топтағы азамат пен 25 жетім балалар және 349 көпбалалы аналарға пәтерлер табысталып, қоныс тойларын тойлап жатыр.
Ал, Жол картасында 2021 жылы 6052 орындық 12 мектептің салу жоспарланған болатын. Бұл іс-шараның орындалуына бақылау жасау мақсатында үлкен көрсеткіштерге жетіп отырмыз. Яғни, 12 714 орындық 25 мектеп салынып, пайдалануға беріліп отыр. Оның ішінде 1920 орындық 4 мектеп мектеп мемлекеттің есебінен, ал 21 мектебі жекеменшіктің есебінен салынды. Бұл миллионды қала үшін әлі де жеткіліксіз болып отыр. Үшауысымды мектептердің мәселесі толығымен шешілмей отыр. Алдағы жылдары шешімін табады деген жоспарымыз бар. Барлық мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде турникеттер орнатылып, спорт алаңдары мен ішкі әжетханалармен қамту жұмыстары аяқталды. 15 мыңнан астам компьютерлер мен 18 мың парталар алынып, балалардың сапалы білім алуына барлық жағдайларды қарастырудамыз.
Сонымен қатар, әлемді әбігерге салған пандемия біздің де елге, өңірімізге де өзінің зиянын тигізіп отыр. Бұл өте өзекті мәселе екенін білеміз. Алғашқыда қаламызда қандай қиындықтар болды. Науқастар үшін орындардың жетіспеушілігі байқалды. Мәселені жүйелі түрде шешуде Жол картасында 2021 жылы 2 медициналық мекеме салу жоспарланды. Бүгінгі күні тәулігіне 2,5 мың азаматты қабылдайтын 5 медициналық мекеме (Асар м.а модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы, Қазыбек би көшесіндегі «№14 емдеу орталығы», «Sunkar Premium» жекеменшік медицина орталығы, Қазығұрт мөлтек ауданындағы «Klinika Qazyqyrt» клиникасы, «Asem Medikal» медицина орталығы) салынып, №1 емханаға, №2-ші ауруханаға, қалалық перзентханаға және «Ана мен бала» орталығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігі үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Қаламызда жыл сайын 500-ден астам азаматты қабылдайтын Бедеулікті емдеу репродуктивті медицина институтының филиалы ашылды.
Бұқаралық спортты дамытуда 2021 жылы 2 спорт нысанын салу жоспарланған. Осыған орай, 1200 орындық 2 спорт кешені салынып, пайдалануға беріліп отыр. Биылға 20 спорттық секциялар ашуды жоспарлап, бүгінде 37-ге жетіп отыр. Жоспарға сәйкес, 300-ге жуық спорттық шаралар ұйымдастырылып, 45 мыңнан астам қатысушылар қамтылды. Бұл қала тұрғындырының салауатты өмір салтын ұстануға ерекше назар аударып отырғанымызды білдіреді. Бұл көрсеткіштер артығымен орындалып отыр.
Шалғайдағы елді мекендерді дамытуда 2021 жылға ауыз сумен қамтамасыз етуді 95,6 пайызға жеткізу жоспарланған. Бүгінде 98% жеткіздік. 2021 жылға көгілдір отынмен тұрғындардың 93% қамтамасыз етуде сағатына 250 мың куб метр құрайтын №3 автоматты газ реттегіш станциясының құрылысы аяқталуда. Биыл «Бозарық», «1-М-1» қосалқы электрстанциялары іске қосылды. 2021 жылға сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуді 95% жеткізу жоспарланған. Бүгінде осы көрсеткішке жеткіздік. 2021 жылы 16 шақырым кәріз жүйесін салу жоспарланған. Бүгінде 88% орындалды. Жыл соңына дейін 100% орындалады.
Жолдар мен көлік инфрақұрылымы саласында 2021 жылға жоспарланған 4 көпірдің құрылысы аяқталып іске қосылды. Жаңа әуежай терминалының 1-ші кезеңі аяқталды. №1 автожол, Әл-Фараби көшесінің жалғасы аяқталды. Рысқұлов пен Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық пайдалануға берілді. Қаладағы 153 шақырым топырақ жолдарға толығымен тас төсеу жоспарланып, нәтижесінде 175,4 шақырым жолға тас төселді.
Қоғамдық көлік саласында 590 жаңа автобустар бағыттарға қойылды. 100% қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізілді. «Шымкент байк» жүйесі іске қосылды. Ағымдағы жылға жөндеуден өткен 125 көшенің жалпы ұзындығы 183,4 шақырымды құрап, жылдың соңына дейін қосымша жолдардың құжаттары қабылданатын болады.
Партия нақты істер партиясы! Әрқашан қала тұрғындарына берген уәдемізді толық орындап шығамыз деген сенімдемін! Баршаңызды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесімен құттықтаймын! Жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Анарбеков Нұрпейіс Жаппарұлы
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы
фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*