ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 14 222 ПӘТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

 

«Nur Otan» партиясының инстаграм және фейсбук желілерінің тікелей эфирінде Шымкент қаласындағы тұрғын үй мәселесі бойынша онлайн шара ұйымдастырылды. Кездесуде «Nur Otan» партиясы шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов, Шымкент қаласы Тұрғын үй және тұрғынүй инспекция басқарма басшысы Ғалымжан Төлепов және Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап берді.
Бахадыр Нарымбетовтың айтуы бойынша халықтан тұрғын үй мәселесі бойынша сұрақтар көп келеді. Тұрғындардың басым бөлігін «Тұрғын үй кезегі қашан келеді?», «Тұрғын үй бойынша мемлекеттік бағдарламаларға кім қатыса алады?» деген сұрақтар алаңдатады.
Шара барасында тұрғындарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің құрылысы, тұрғын үйді кредиттік және арендалық негізде алу жолдары сондай-ақ басқа да өзекті сұрақтар жайлы ақапарат берілді. Онлайн кездесудің толық бейнежазбасы «Nur Otan» партиясының инстаграм және фейсбук желілерінде сақталып тұр.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында барлық қаржылық есептен 1 млн шаршы метр яғни, 262 көп қабатты тұрғын үй салынуда. Демек, 14 222 пәтер құрылысы биыл басталды, бірақ үйлердің біраз бөлігі келесі жылы салынып бітеді. Осы жылдың 9 айлық қорытындысымен 1416 пәтерлік 20 үй қолданысқа тапсырылған. Ал, қазан айында тағы 160 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*