БАЛАЛАР ҮЙІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының тармақтары кезең-кезеңімен орындалып жатыр. Әр депутат өзіне бекітілген тармақтар бойынша бақылау жүргізіп, орындалуын қадағалайтын болады.

Биылғы күрделі жөндеуден өтетін білім ұйымының бірі — №3 балалар үйі. Аталған балалар үйі 1937 жылы ашылған. Бүгінде мекемеге тиесілі 9 ғимараттың 6-ы сараптама қорытындысына сәйкес жарамсыз деп танылған.

Қала әкімі білім нысандарын аралау барысында №3 балалар үйінің күрделі жөндеу жұмыс барысын тексерді.

Екі қабатты ғимараттың едендері мен есік-терезелері ауысып, шатыры жөнделеді. Тозығы жеткен электр жүйесі, су құбыры мен кәріз және жылыту жүйелері жаңарады.

Балалар үйіндегі негізгі ғимарат 1964 жылы пайдалануға берілген. Сыйымдылығы 50 орынға лайықталған. Балалар үйінің негізгі ғимаратының сыртқы және ішкі бөлмелерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір мұнда 47 бала тәрбиеленуде. Осы жылдың сәуір айында жөндеу жұмысы басталғаннан, балалар №4 балалар үйіне орналастырылды.

—Балалар үйінің жөндеу жұмысы жоғары деңгейде, әрі сапалы болуы керек. Өйткені балалар —біздің болашағымыз. Олардың мұнда өсіп, білім алуында ешқандай кедергі болмауы қажет. Көбіміздің ата-анамыз бар болса, мұндағы балалардың қамқоршысы мемлекет,—деді қала әкімі.

Қазір жалпы жұмыстардың 40 пайызы орындалған. Пайдалануға беру мерзімі қазан айына жоспарланып отыр.

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*