Жаңа Қазақстан — әділетті қоғам

«AMANAT» партиясының кезектен тыс өткен XXIV съезінің делегаты, қалалық мәслихат депутаты, Академик Дәрия Қожамжарова, Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Оңтүстік» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті.
Жиында Президентіміздің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша және Астана қаласында өткен «AMANAT» партиясының XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысы туралы сөз қозғалды.
«Біздің алдымызда саяси, экономикалық реформаларды нақты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген Жаңа Қазақстанды құру міндеті тұр. Бұл сіз бен біздің кемел келешегіміз бен жарқын болашағымызға деген қадамымыз болмақ. Қазақ топырағында дүниеге келген ұлы ойшыл әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында: «Адамдардың бір-біріне көмектесуін мақсат еткен ел – ізгі, кемелденген ел» деп жазыпты. Міне, осылай ұлылардың даналығын негізге алып, елді жаңашылдыққа үгіттеуіміз қажет.
Біз Асан Қайғының Жерұйығы мен Әл-Фарабидің ізгі қоғам идеясын, Абайдың толық адам концепциясын, Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық миссиясын, Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстарының ұлы мұраттарын үлгі-өнеге тұтамыз. Осындай тарихи жауапты кезеңде, ортақ мүдде мен мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратыын уақыт келді. Себебі мемлекеттің дербестігі, ұлттың азаттығы, қоғамның еркіндігі – ешқашан, еш нәрсеге айырбасталмайтын ұлы құндылық»,-деді ол басқосуда.
Бүгінгі жиында басқосқандар алдағы сайлауда белсенділік танытып, біркісідей атсалысатынларын айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*