Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар жерді алып жатыр. Аудандағы халық саны 190 мыңнан асып жығылады. Сондай-ақ мұнда 18 елді мекен орналасқан. Қаратау ауданындағы көшелер саны – 595. Ауданның жылдан жылға әлеуметтік экономикалық деңгейі жоғарылап, инфрақұрылымы дамып келеді.
Қаратау ауданына қарасты Қайтпас шағын ауданында бүгінде 15 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 3 891 жеке секторлы үй, 3 мектеп, 18 балабақша орналасқан. Халқы тығыз орналасқан елді мекен болған соң, мектептер мен ойын алаңшаларын қажет етеді. Қазіргі уақытта балалар ойын алаңшасын салуға тиісті жер қарастырылып, биыл балалар қуанышына орай пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Қайтпас шағын ауданындағы 55 көшенің қазір 50-і асфальтталған, 5-еуіне шағал тас төселген. Айта кетейік, биыл шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде. Сондықтан Ер Жәнібек, атауы жоқ №1,2,3,4 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар биылғы жылы 6 көше, атап айтқанда Болашақ, Медеу, Ахметбаев, Дайрабеков, Ақбаев, Ақберен көшелері жарықтандырылады. Келесі жылы Көркем, Тұран, Әмірбеков көшелерін жарықтандыру жоспарланған. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аталған шағын аудан интернет жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, шағын ауданда №42, 24,57 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.
Жалпы Қайтпас елдімекені 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен қамтылған.
«Таза Қазақстан» республикалық апталық акциясы аясында Еңбекші ауданына қарасты Қаратөбе тұрғын алабы, Жұлдыз аумағы, Қапал батыр көшесі бойында тазалық жұмыстары жалғасын тапты. Экоакцияға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, мәслихат депутаттары, фракция […]
Шымкентте табысынан айырылып, кәсібін тоқтатқандарға мемлекет тарапынан ең төменгі мөлшерде қолдау көрсетілуде. Тігіншілікпен жеке кәсібін дөңгелетіп келген қала тұрғыны Айгүл Акимова да әлеуметтік қолдауға ие болды. Он саусағынан өнер тамған ісмердің шағын шеберханасы елдегі төтенше […]
Шымкент қаласында құрылыс саласы соңғы жылдары ерекше қарқынмен дамып келеді. Қаланың аумағы кеңейіп, жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдар бой көтеруде. Мұндай даму қарқыны құрылыс процестерінің сапасы мен заңдылығына қойылатын талаптарды да арттыра түсетіні […]
Пікір қалдыру