«Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 257 жобаға қолдау көрсетілген. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов баспасөз брифингінде айтып өтті.
– Есепті кезеңде 130 104 іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субьектісі жұмыс істеуде. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» және «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде 2023 жылы 19,7 млрд теңгеге 3000 жобаға қолдау көрсету жоспарланған болатын. Жарты жылдағы жағдай бойынша 14,1 млрд теңгеге 3591 жобаға қолдау көрсетілді,– деді басқарма басшысының орынбасары.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қойылып отырған бағыттың бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оны кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізу. Жалпы Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан.
9 айдың қорытындысы бойынша қалаға 434,3 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126,9 пайызды құрады. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 721,7 млрд теңгеге арттыру жоспарлануда. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 9 айда 764,3 млрд теңгеге жеткен.
Айта кетейік, Қазақстанда шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылы 50%-ға жеткізу межеленген. Бүгінгі таңда, бұл көрсеткіш Шымкентте 40% шамалап отыр.
Осы ретте, тиісті көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлер палатасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Іскер қала» деп аталатын өңірлік бағдарлама әзірлеп, ол қала әкімінің қаулысымен бекітілген. Бағдарлама 3 бағыттан тұрады. Онда өндірісті дамыту үшін өндірістік парктер құру, сауда орындарын көбейту, ауыл шаруашылығы кооперациясын ілгерілету және жеңілдетілген несие бөлу секілді қолдаулар қарастырылған.
Шымкентте карантин 22 маусымға ұзартылды. Шектеу шаралары аяқталғанға дейін азаматтар қоғамдық көліктерде, рұқсат етілген нысандарда маскамен жүруге, медициналық қолғап киюге, антисептик қолдануға міндетті. Сонымен қатар: Қоғамдық көліктерде артық жолаушылар тасымалданбауы тиіс. Қаладағы барлық базарлардың жұмыс […]
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасында 8 (7252) 21-43-23 сенім телефоны жұмыс істейді, оның көмегімен азаматтар полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекет жайттары туралы хабарлай алады. Сондай-ақ, «WhatsApp» мессенджерінде мына телефон арқылы жүгінуге болады: 8-702-371-55-66. […]
Бүгін 9 -қараша Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен қала тұрғындары, сондай-ақ ерікті жастар да белсене қатысты. Сенбіліктің мақсаты — қаламыздың тазалығын […]
Пікір қалдыру